Для вас, родители!

Screenshot_1

Павлодар қаласында білім беру басқармасының жанынан Өңірлік психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді.

Мұнда мамандар балалар мен олардың ата-аналарына тегін білікті көмек көрсетеді.

Бұл орталықта білім беру процесінің барлық қатысушыларына көмек көрсетіледі.

Негізгі мақсат — жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру, білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтарға, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

Психологтарды жеке тұлғалардың әртүрлі санаттарымен тиімді жұмыс істеу үшін қажетті біліммен, құралдармен және ресурстармен қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың кәсіби құзыреттерін дамыту.

Сонымен қатар, психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, сынып жетекшілерімен тікелей жұмыс істейді.

— Орталықта балаларға, ата-аналарға және педагогтарға арналған кеңес беру кабинеттері ашылды. Егер бала немесе ата — ана әртүрлі себептермен өз мектебінде психологқа жүгінгісі келмесе немесе ондай мүмкінкін болмаса, бізге тікелей келуге болады, — дейді өңірлік психологиялық қолдау орталығы басшысының м.а. Жанара Сматаева.

Консультациялар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сондай-ақ тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді шешу үшін кеңістік құруға көмектесетін семинарлар, тренингтер үнемі өткізіліп тұрады.

Орталық сенбі мен жексенбіден басқа күн сайын жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда (төтенше жағдайларда) психологтар сенбі күндері кеңес бере алады.

Орталыққа алдын ала жазылу үшін телефон: 87718535294.

________________
В городе Павлодар при управлении образования функционирует Региональный центр психологической поддержки.

Здесь специалисты оказывают бесплатную квалифицированную помощь детям и их родителям.

В этом центре оказывается помощь всем участникам образовательного процесса. Основная цель – создание единой системы психологической службы на местном уровне, предоставление психолого-педагогической помощи учащимся, воспитанникам, педагогам и родителям.

Психологам предоставляются необходимые знания, инструменты и ресурсы для эффективной работы с различными категориями личности, а также развивается их профессиональная компетенция.